1 маусымнан бастап елордада балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары қалыпты жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Қалалық білім басқармасының басшысы мәлімдеді. Жалпы бас қалада мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 18 мамырда қызметін жандандырған еді. Бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналардың балалары қабылданды. Олардың саны 4 мыңнан асады. Ал Нұр-Сұлтан қаласында жалпы 55 мыңнан астам бүлдіршін бөбекжайға барады екен. Білім басқармасының басшысы лагерьлер мен жазғы демалыстың ұйымдастырылуына қатысты мәселелерге де тоқталды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 маусымнан бастап елордада балабақшалар жұмыс істей бастайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127123/)