Бүгін Ораза Айт басталды. Президент елді құттықтап, «Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам. Мейрам күндері күллі мұсылман қауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Мұндай игі істер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі. Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанымыздың арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанды. Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін»,- деген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ораза Айт басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127158/)