Батыс Қазақстан облысында 4 емхана карантинге жабылды. Ал Жамбыл облысында 1 күнде 33 адам індет құрығына ілікті. Сондықтан бірқатар аймақта карантин мерзімі ұзартылды.
Талдықорғанда төрт айлық нәресте коронавирус індетін жұқтырды. Жалпы соңғы он күнде облыс орталығында науқастар саны күрт өсіп, 51-ге жетті. Сондықтан қалада карантин талаптары күшейтілуі мүмкін. Ал Алматы облысы бойынша 288 адам індетке шалдыққан.
Шымкент қаласында карантин мерзімі 8-маусымға дейін ұзарды. Ал БҚО-да карантиндік режим маусымның 15-не дейін ұзартылды. Демалыс күндері тағы 44 адам тіркелді. Вирус 7 ауданға тарап үлгерді.
Жамбыл облысында эпидемиологиялық ахуалға байланысты, халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы кейінге шегерілді. Қазір аймақта - 292 адамнан қауіпті індет анықталған. Бүгінгі күннің өзінде - 33 адам тіркелді.
Ал Маңғыстау өңірінде карантин талаптары жеңілдетіліп, кейбір блок бекеттер алынды. Алайда, науқастар көп тіркелген ауылдарға әлі де қатынау мүмкін емес.
Аягөз ОРАЛБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өңірлерде эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127192/)