Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі. Әңгіме барысында COVID-19 індетіне қарсы екі ел үкіметтері қабылдаған нақты шаралар талқыланды. Режеп Ердоған Қазақстанның азаматтарға ауқымды көмек көрсету іс-қимылдарына жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдің гуманитарлық көмегіне ризашылық білдірді. Сондай-ақ Түркия Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127216/)