Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі. Коронавирус пандемиясы жайын талқылап, жаһандық дағдарысты еңсеру үшін күш-жігерді біріктіру жайын талқылады. Тұңғыш Президент Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен де сөйлесті. Күллі ислам әлемі үшін Ораза айт мейрамымен бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Тараптар эпидемияға қарсы күреске бағытталған екі ел үкіметтерінің шараларын қолдады және пандемияны еңсеру үшін жаһандық деңгейде іс-шаралар қабылдаудың қажеттілігіне тоқталды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Режеп Ердоғанмен және Абу Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127243/)