Қарағанды облысында жағдай қалыпты болса, 29 мамырда дәмханалар мен мейрамханалар ашылады. 30 адамға дейінгі сыйымдылығы бар жазғы террасалар мен қонақ үйлер де іске кіріседі. Ал балабақшалардағы кезекші топтар 1 маусымнан жұмыс істейді. Сауда-ойын-сауық орталықтары да ашылуы тиіс деді халыққа онлайн есеп берген облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. Өңір басшысы, тұрғындардың карантин талаптарын сақтамауының кесірінен эпидахуалдың ушыққанын айтты. Жағдайдың алдын-алмай, уақытты өткізіп алғаны үшін Теміртау қаласының және Бұқар жырау ауданының әкімдеріне сөгіс берілді. Облыста індеттің тәуліктік өршуі 7 проценттен асып, науқастар саны 662-ге жеткен. Бір ғана «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Нұрқазған» кенішінде 300-ден астам адам вирус жұқтырған. Соның 163-і кеніштің өзінде жұмыс істейді. Қалғаны олармен байланыста болғандар. Кәсіпорын енді вахталық жұмыс ауысымына көшпек.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында дәмханалар мен мейрамханалар 29 мамырда ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127247/)