Күні кеше сауда орындарының ашылуын сұраған кәсіпкерлердің талабы да орындалатын болды. Атап айтқанда, таңғы 10-нан 17:00-ге дейін азық-түлік, автомобиль, құрылыс және киім-кешек базарлары ашылады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері күндізгі сағат бірге дейін жұмыс істейді. Шағын дәмханалар мен жазғы кафелерге елу адамға дейін қабылдауға болады. Сондай-ақ сантиарлық талаптарды сақтай отырып, спорт нысандарында 30 адамға дейін жатығу жасауға рұқсат. Алайда, көрермендердің кіруіне тыйым салынады. Облыс орталығындағы саябақтар да жұмыс істей бастайды.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде ертеңнен бастап шектеу шаралары жеңілдейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127250/)