Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды. Оның біреуі Нұр-Сұлтан қаласының 69 жастағы тұрғыны. Екіншісі Қостанай облысында туған 55 жастағы әйел. Осылайша қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны еліміз бойынша 37-ге жетіп отыр. Сондай-ақ бір тәулікте 335 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 9304 адамға жетті. Жазылып шыққандары – 4669.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127287/)