Елімізде коронавирусқа шалдыққан 58 науқастың жағдайы ауыр. Олардың 19-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі хабарлады. COVID-19 вирусына қарсы күрестің қалай жүріп жатқанын баяндаған Елжан Біртанов сақтық шараларына тоқталды.
«Әр адам жұмыс орнында және сыртқа шыққанда 2 метр арақашықтықты сақтау керек. Маска тағу өте маңызды. Індет ауамен ғана емес, қол арқылы да жұғады. Сондықтан жеке гигиенаны сақтау керекпіз», - деді министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде коронавирусқа шалдыққан 58 науқастың жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127288/)