Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасын қабылдады. Ахметжан Есімов мемлекет басшысына жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы есеп берді. Компаниядағы қазіргі ахуал туралы баяндап,карантин кезінде «Самұрық-Қазынаға» қарасты кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартуға, еңбекақыны кешіктіруге жол берілмегенін айтты. Қор мемлекет басшысының сатып алу жүйелері арқылы ел экономикасына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Мәселен жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 250 мыңға жуық адам жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға 9 мыңдай тапсырыс берген.
Досжан МАРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент «Самұрық Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127365/)