Карантиннің әсері киім-кешек нарығын да айналып өтеді. Базарлар мен сауда үйлерінде бұл тауар түрлерінің едәуір қымбаттағаны көзге ұрып тұр. Сатушылар мұны доллар құнының өсуімен байланыстырады. Сондай-ақ шет елдерден импортталатын тауар көлемі де азайған. Ал халыққа киім керек. Әсіресе, балалар киіміне сұраныс қазір өте жоғары.
Елімізге киім-кешек негізінен Ресейден, Түркия мен Қытайдан импортталады. Биыл сырттан келетін тауарлар көлемі 4,3 процентке төмендеген. Сондай-ақ Қазақстан өзі де өзге елдерге жеңіл өнеркәсіп өнімін сатады. Биыл 3 айда Қытайға, Ресейге, Франция мен Қырғызстанға жіберілген тауардың көлемі 2,3 есе көбейген. Халықаралық сауда тоқтамайды. Тек жағдайға қарай бағада өзгерістер болып тұруы заңды дейді мамандар.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде киім-кешек бағасы да қымбаттаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127373/)