Ережені ескермесе, есігі қайта жабылады. Алматыда сақтық шараларына салғырт қараған дәмхана, мейрамханалар ашылмай жатып жұмысын тоқтатуға мәжбүр. 2 айдан соң келушілерді қабылдай бастаған тамақтану орындары жіті тексерілуде. Себебі көпшілік ас-ауқат ішетін мейрамханаларда санитарлық талаптар сақталмай жатқанын айтады мобильді топ мамандары.
Мобильді топ тек бір Медеу ауданында кешеден бері 40-тан астам қоғамдық тамақтану орнын аралап, 8-ін жапқан. Ал қалғандарына әзірше ескерту берілген. Әкімдіктегілер жауапқа тартылғандардың әрекеті өзгелерге сабақ болса екен дейді.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда карантин талаптарын сақтамаған нысандар қайта жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127376/)