Ақмола облысында 120 мың гектардан астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған аумақтар жылдар бойы пайдаланылмай келген. Облыстық прокуратура жалпы 1 жарым миллион гектардың құр босқа жатқанын анықтады. Жерді қайтарып алу - ең соңғы процедура. Алдымен оны мақсатына сай игеру керектігін ескертеміз дейді мамандар. Осындай ескертулерден кейін 657 мың гектар алқап игерілген.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында 120 мың гектардан астам жер телімі мемлекетке қайтарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127448/)