Елордада интернет арқылы жасалатын алаяқтық фактілерінің 60 пайызы ашылмай тұр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты.
Мәселен, биылғы 4 айда 1161 іс тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 23 пайызға аз. Алайда, осы қылмыс түрі жыл сайын күрделеніп келеді. Кей оқиғаларға күдікті азаматтарды ел аумағында емес, ТМД кеңістігінен іздеуге тура келеді,- дейді мамандар. Өйткені, әлеуметтік желіде бәрі ашық. Халық жарнама, тауарлар мен қызметтерді көп қарайды. Алаяқтар осы жағдайды ұтымды пайдаланады.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Интернет арқылы жасалатын алаяқтық фактілерінің 60 пайызы ашылмай тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127456/)