Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алды. Бұл туралы Спорт және мәдениет министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков мәлімдеген.
Оның айтуынша, ата-аналарымен бірге ел ішінде саяхаттайтын 14 жасқа дейінгі және 14 жасқа толған балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл ретте ата-аналардың біреуі тек 2 баланы ғана тегін алып жүре алады. Шетелдік балаларға мұндай жеңілдік жүрмейді. Бұл тек қазақстандықтарға ғана қатысты екенін мәлімдеді Дастан Рысбеков.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін ұшады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127459/)