Биыл теңіз арқылы 1,5 миллион тоннаға жуық бидай экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көп. Отандық өнім пароммен Иран және Әзірбайжанға тасымалданған. Сондай-ақ, «Болашақ» станциясы арқылы пойызбен Түркіменстан, Өзбекстан және Ауғанстанға жеткізілген. Ақтау және Құрық порттары арқылы шет елдерге астықтан бөлек, құрылыс материалдары, макарон өнімдері мен металл жөнелтіледі. «Бейнеу - Сексеуіл», «Өзен - Болашақ», «Боржақты - Ерсай-Құрық» жаңа теміржол желілері іске қосылғалы, жүк тасымалы артқан. Аталған бағыттар бойынша бидай, халық тұтынатын тауарлар, көлік, контейнерлік пойыздар, дәнді дақылдар, мұнай тасымалы жүзеге асырылуда.
Нәжімеден Ғұбашев, - «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ филиалы «Маңғыстау жүк тасымалы» бөлімшесінің директоры:
- Ақтау порты арқылы өтетін жүктердің жалпы көлемін жылына 19 миллион тоннаға дейін деп есептегенбіз. Құрық порты бойынша 4 миллион тоннаға дейін жетеді деп есептелді. Міне, бүгінгі таңда тасымалданатын жүктерді теңіз арқылы, паром арқылы өткізіп жатырмыз.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теңіз порты арқылы тасымалданатын бидай экспорты 2 есеге артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12746/)