Бүгіннен бастап елордада қала маңына қатынайтын автобустар жүре бастады. Ал қала ішіндегі қоғамдық көліктер жолаушы тасымалын 12 мамырда бастаған. Сондай-ақ, блокбекеттердің ашылуына байланысты қалааралық автобустар мен пойыздар да жолға шықты. Қоғамдық көліктерде жолаушыларға қойылатын басты талап - маска тағып, санитарлық нормаларды қатаң сақтауы қажет.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда маңына қатынайтын автобустар жүре бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127502/)