![Африкада Эбола дерті дендеп барады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/6/2/1591078127349.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Конго Демократиялық Республикасында қауіпті дерт өршіп тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.
«Адамның денсаулығына біршама нұқсан келтіретін тек COVID-19 ғана емес», - деп жазды ол Twitter-де.
Эбола безгегі елдің шығысына да таралды. Бұл аумақта індет 6 адамнан анықталды. Оның 4-уі көз жұмды.
Жалпы, Эбола эпидемиясы Конгода 2018 жылдың шілдесінде басталды. Соңғы екі жылда дерттен 2200 адам қайтыс болған. Бұл соңғы онжылдықтағы екінші эпидемия саналады. Біріншісі Батыс Африкада 2013-2016 жылдары тіркелді. Қауіпті індет ресми деректер бойынша 11 мыңнан астам адамның өмірін жалмады.
korrespondent.net
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Африкада Эбола дерті дендеп барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127550/)