Тасқыннан зақым келген Мақтааралдағы әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Атап айтсақ, Фирдауси және Өргебас елді мекендері мен Мырзакент кентінде бір-бір фельдшерлік-акушерлік пункт, 1200 орындық мектеп, полиция бекеті және 280 орындық балабақша бой көтереді. Бүгінде 425 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 235-сі мемлекеттік бюджет есебінен, қалғандары қайырымдылық қорларының қаржысына салынады.
Гүлжазира Ғалиқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127556/)