Коронавирустан айыққан экс-вице-министр Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісті. Камалжан Надыров бұл лауазымға сәуір айында тағайындалған. Десе де, індет жұқтырып алуына байланысты жұмысына шыға алмады.
Камалжан Надыров сәуірдің 21-і күні Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған. Артынша оның алып мегаполистің денсаулық саласын басқаратыны белгілі болды.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирустан айыққан Камалжан Надыров жаңа қызметке кірісті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127574/)