Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Онда «Birgemiz» қорының қазіргі қызметі мен партия мүшелері арасындағы іріктеу жұмыстарына дайындық – праймериз туралы айтылды. Тұңғыш Президент қор арқылы шағын қалалар мен ауылдардағы мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті де қабылдады. Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа жағдайда атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Бауыржан Байбекті және Әсет Исекешевті қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127581/)