Алматыда ертеңнен бастап фитнес клубтар, жаттығу залдары мен спорттық және бірқатар нысандар ашылады. Оларға қойылған шектеулерді алып тастау туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің арнайы қаулысы шықты.
Мәселен, 3 маусымнан бастап фитнес-клубтар, жаттығу залдары, 30 адамға дейінгі топтар оқу-жаттығу жүргізетін спорттық нысандар жұмысын бастайды. Көрермендер қатысатын спорттық-бұқаралық шараларға рұқсат жоқ. Алдын-ала жазылып, оқу орталықтары, түрлі үйірмелер мен балалардың түзету кабинеттеріне де баруға болады. Аталған нысандарға күшейтілген санитарлық-дезинфекциялау режимін қатаң сақтау міндетті. Әрі балалардың денсаулық жағдайын қадағалап, журналға тіркеп отыру қажет. Сондай-ақ ертең алматылықтардың саябақтар мен скверлерде еркін серуендеп, демалуына рұқсат.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда ертеңнен бастап фитнес клубтар мен спорттық нысандар ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127595/)