Елімізде эпидемия жағдайында бассейнге түсу мен жағажайларда демалу талабы өзгерді. Бассейннің аумағына қарай, адам саны реттеледі. Мәселен, хауыздың көлемі 30 шаршы метр болса, 6 адамға ғана түсуге рұқсат. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. Оның сөзінше, суға түсушілер бассейнге кезекпен кіргізіледі. Ал демалыс алаңдарында бақылау күшейе түспек.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жағажайлар мен бассейндерге қатысты талаптар өзгерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127596/)