Шығыс Қазақстанда 3 адам кене энцефалитін жұқтырды. Соңғы жағдай Риддер қаласында тіркелген. 15 жастағы қыз бала қазір қалалық ауруханада тиісті ем алып жатыр. Жалпы, осы күнге дейін облыста 2 мыңнан астам адамды кене шаққан. Сала мамандары тұрғындарға табиғат аясында демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертуде.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да 3 адам кене энцефалитін жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127622/)