Атырауда 1 млн текше метр күкіртті газды заңсыз жаққан «Ембімұнайгаз» АҚ-дан 1 млрд теңгеден астам ақша өндірілді. Сонымен қатар, салықтан жалтарған тағы бір мұнай компаниясы да 153 млн теңгеден астам қаржыны қазынаға қайтарды. Бақылаушы орган «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалы қызметінен де заңсыздық анықталды. Тексеріс кезінде газ таратушы мекеменің халықтан 65 млн теңге көлемінде негізсіз пайда көргені әшкереленді.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Күкірті мол газды заңсыз жаққан «Ембімұнайгаз» АҚ-дан 1,3 млрд теңге өндірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127631/)