АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы шерулер мен тәртіпсіздіктер кезінде 11 адам қаза тапты. Мұны Associated Press агенттігі хабарлап отыр. Сонымен қатар, ондаған адам жараланған.
Құрама Штаттарда жаппай наразылық акциялары мамырдың 25-інде Миннеаполисте полиция офицері афроамерикалық Джорд Флойдты тамағынан тізесімен басып тұншықтырып өлтіргеннен кейін басталды. Бейбіт акциялар полициямен қақтығыстарға, тонаушылыққа ұласып, көптеген қалаларда коменданттық сағат жариялауға тура келді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тағы тәртіпсіздіктер кезінде 11 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127636/)