0:00:00
0:00:00
Қаламқас кен орнында қауіпті індетті жұқтырған мұнайшылар саны 10-ға жетті. Дертке шалдыққандар мұнайшылар мен сервистік компаниялардың қызметкерлері. Барлығы да Ақтау қаласындағы провизорлық стационарға жатқызылды. Кен орнында азық-түлік және дәрі-дәрмек қоры жасақталып, аумаққа кіріп-шығу шектелді.
Ал Жамбыл облысында 13 адамнан инфекция табылды. Олардың екеуі жүкті әйел. Қазір науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ал облыс бойынша ауру жұқтырғандардың саны 398 адамға жетті.
Сәдит ӘЛДЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаламқас кен орнында вирус жұқтырғандар саны 10-ға жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127658/)