Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады. Әкім өңірдің қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақтағы қауіпті инфекцияға қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында есеп берді. Әрі облыс экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы да, айтты. Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвестиция тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Айбек Қобдабай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР Президенті Маңғыстау облысының әкімін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127682/)