Шығыс Қазақстанда соңғы 3 күнде 3 бала терезеден құлап кетті. Алғашқы екі оқиға Алтай қаласында болған. Ата-анасымен бір бөлмеде отырған 1,5 жастағы сәби 3-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Ал екінші жағдайда үйде жалғыз қалған 6 жастағы қыз бала 2-ші қабаттан құлап түскен. Қазір екеуі де ауруханада жатыр. Мамандардың айтуынша, мұндай оқиғалардың көбі үлкендердің салғырттығынан болады. Көбіне-көп баланың салмағына шыдас бермей терезеге орнатылған тор түсіп кетеді. Бүгін Өскеменде 5 жастағы тағы бір бүлдіршін терезеден құлап түсті.
Берік КӨШЕРБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде 3 бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127719/)