«Атамекен» ҰКП - бизнес пен биліктің үлгілі жобасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атамекен» ҰКП - бизнес пен биліктің үлгілі жобасы

13.12.2018

Ел тарихындағы сәтті жобалардың бірі немесе бизнес пен билік әріптестігінің үздік үлгісі. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бизнестің мүддесін қорғайтын дербес ұйым ретінде жұмыс істей бастағанына биыл бес жыл болды. Алайда, бұл институттың негізі 2000 жылдардың басында қаланды. Қазір миллионға жуық мүшесі бар ұйым өзге елдерге де үлгі болып отыр.

Кез-келген ел экономикасының негізгі қозғаушы күші кәсіпкерлік екен белгілі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әр кәсіпкер билікпен өз бетінше диалог орнатты. Кейін  елде 700 ге жуық ірілі ұсақты бизнес қауымдастық құрылды. 

Олардың кейбірінде бір немесе бірнеше ғана мүше болды. Бертін келе ғана «Атамекен» палатсы болды, одан кейін 2013 жылы ұлттық статус алды. Зейнолла Алшынбаев осы өзгерістердің ортасында жүрді, қазірді кеңеске мүше.

Зейнолла Алшынбаев, қоғам қайраткері:

ҰКП «Атамекен» деген атаумен  бұл 2005 жылы құрылған. 29 адам соның алғашқы ұйымдастырушылары болып, соны алғаш рет өткізгенбіз. Мен соның ішінде болдым.  Осы палата құрылғаннан бері қарай сол палата арқылы  қаншама көп мәселелер шешіліп жатыр.

Қазір палатаға елдегі ірілі-ұсақты бизнестің барлығы мүше.  Палата туралы арнайы заң бар. Үкімет пен Парламент  қаулы мен заң қабылдарда кәсіпкерлермен міндетті түрде кеңеседі.

Эльдар  Жұмағазиев,  ҚР «Атамекен»  ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

Қай заңды алсаңыз да, кәсіпкерліке байланысты, қандай құқықтық-нормативтік акті болсын, барлығы да «Атамекеннің» сараптамасынан өтеді. Үкіметтің кәсіпкерлікке байланысты қай жиналысы болсын, «Атамекенің» қатысуынсыз өтпейді.

Қазір ұлттық палата құрылу процесі аяқталып, мемлекетке көмектесе бастады. Мысалы,  еңбек мемлекеттік бағдарламасының бір тармағы «Бастау» бойынша палата тек биыл 7 мың кәсіпкер оқытып, жеңіл несие берді. Яғни, осыншама адам кәсіп ашты, 3000 жұмыс орны құрылды. Қазір палатада бизнеске баулитын 160 сертификатталған тренер бар. Олардың үздіктері бүгін марапатталды.

Ерлан Нұрланов,  ҚР «Атамекен»  ҰКП бизнес бапкері:

Биыл Жылыой ауданы бойынша 175 адам оқытылды, 41 жоба мақұлданып, 100-дің үстінде жұмыс орны ашылды. Мысалы, мал шаруашылық түрлері, көлік жасау, жиһаз цехтары, сондай-ақ, шағын наубайханалар.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы осылайша мемлекеттік экономикадағы шағын бизнестің үлесін 70 пайызға жеткізу жоспарын орындауға атсалыспақ.  Ол үшін оның құқықтық, құрылымдық әлеуеті толық жетеді. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу