Маңғыстауда бекіре балығын заңсыз аулап, тұрақты бизнес көзін ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді. Браконьерлер Каспий теңізінің жағасында заңсыз әрекеттерін жүзеге асыру барысында қолға түсті. Топтың құрамында 7 адам бар. Сонымен қатар, 4 қайық, 2 автокөлік, пневматикалық қару, 2 мың метрлік ау, 550 млн теңге және ішінде жарты тоннаға жуық бекіре балығы бар 4 мұздатқыш тәркіленді.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бекірені бизнеске айналдырған қылмыстық топ құрықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127756/)