Астрономдар Жерге ұқсас экзопланетаны тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астрономдар Жерге ұқсас экзопланетаны тапты

09.06.2020
Астрономдар Жерге ұқсас экзопланетаны тапты

Астрономдар Жерге ұқсас экзопланетаны тапты.

Ғалымдар оған KOI-456.01 деген атау берді. Планетаның өз орбитасымен біздің Күнге ұқсайтын жұлдызды айналып жүретіні белгілі болды. «Бұл жүйе тура Жер мен Күннің айна-қатесіз бейнесі», - дейді мамандар.

Қазір онда тіршілік бар-жоғы анықталып жатыр. 

KOI-456.01 - біздің планеталық жүйеден 3 мың жарық жыл қашықтықтағы Kepler-160 жұлдызын айналып жүретін ғаламшарлардың бірі. Жалпы, басқа жұлдыздарға қарағанда Kepler-160 инфрақызыл сәулелер емес, көрінетін спектрлі жарық шығарады. Ал бұл тіршілік үшін маңызды аспект саналады.

Макс Планк атындағы ғылыми қоғамдастық қазметкерлерінің айтуынша, өмір сүруге қолайды басқа ғаламшарларға қарағанда бұл планета үлкенірек көрінеді.

focus.ua

Хабарламаларға жазылу