Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде коронавирустың өршіп бара жатқанын хабарлады. Қауіпті індетті жер-жаҺанда 7 миллионнан астам адам жұқтырып, 400 мыңдайы қайтыс болды.
Жексенбіде 136 мың адам дертке шалдыққан. Бұл – бір тәулікте тіркелген науқастардың рекордтық көрсеткіші.
Ұйымның дерегінше, олардың 75 пайызы Америка мен Оңтүстік Азия өңірлеріне тиесілі.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127888/)