Табиғатты қорғау кәсіпорнының мамандары Ақжайық ауданында түн ортасында жолға шыққан көлікті тоқтатқан. Құжаттарын тексеру кезінде күдікті көлігімен қашып кеткен. Тергеу барысында анықталғандай, темір тұлпар тізгіндеген 33 жастағы азамат Атырау-Орал тасжолынан бұрылып, далалық жолға түскен. Сол жерде өзінің құжаттарын лақтырып кеткен.
Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің жүріп өткен жерлерін анықтап, браконьерді 3 күннен кейін қолға түсірді.
Еркебұлан Смадияров
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да 280 дана киік мүйізін тасымалдаған браконьер ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127893/)