Еліміздің бірқатар өңірінде COVID-19 індетінің белең алуына байланысты карантиндік шектеу шаралары ұзартылып, талап қайта күшейтілуде.
Мәселен, Қызылорда облысында балаларға арналған жазғы тынығу лагерьлерінің жұмысы тағы кейінге шегерілді. Мейрамханаларда ұжымдық, отбасылық той-томалақ өткізуге әлі де рұқсат жоқ.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақталмайынша Түркістан облысында да карантин режимі ұзартылды.
Ақтөбе облысының Шалқар қаласында бүгіннен бастап шектеу шаралары күшейтілді.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өңірлерде карантин режимі күшейтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127894/)