Ақтөбе облысындағы Дөң кен байыту комбинатынан өрт шықты. Жөндеу жұмыстары кезінде газ құбырын жалын шарпып, қою қара түтін будақтаған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Сондай-ақ, түс ауа Шымкенттегі базарлардың бірі отқа оранды. «Бекжан» сауда үйіндегі аяқ-киім дүңгіршектері жанған. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Бейне АБАУОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкенттегі базарлардың бірі өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127920/)