Бүгін Жезқазған қаласы бірнеше сағат бойы түгелдей жарықсыз әрі сусыз қалды. Таңертеңгі 7:30-да жылу энергия орталығындағы электр желілерінің бірінде ақау шыққан. Салдарынан 90 мыңнан астам тұрғыны бар шаһарға электр қуаты мен су берілмей қалды. Бұған қоса өндіріс ошақтары тұралаған. Сағат 11:00 шамасында қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ету толықтай қалпына келтірілді. Қазір тұрғын үйлерге біртіндеп су берілуде.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жезқазған жұрты бірнеше сағат бойы жарықсыз пен сусыз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127922/)