Елордада 17-маусымнан мектепке дейінгі ұйымдарға құжат қабылдау басталады. Биыл 20 мыңнан астам балдырған балабақшаға барады деп жоспарланып отыр. Алғаш рет екі жастағы бүлдіршіндерге де мүмкіндік берілген. 2018 жылы туғандарға- 2 442 орын, 2017 жылы туғандарға-7 877, 2016 жылы туғандарға - 5 449, 2015 жылы туғандарға - 4 430 орын бар. Бос орындарды электронды жүйе арқылы білуге болады. Ата-аналар үшін барлық мектепалды ұйымдарда онлайн кеңестер беріледі.
Ақерке БЕРІКБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада балабақшаға қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127930/)