![Биылдан бастап ЖОО мен колледж түлектері электронды диплом алады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/6/10/1591778287768.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биылдан бастап ЖОО мен колледж түлектері электронды диплом алады.
Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари айтты.
«Биылдан бастап барлық жоғары оқу орны мен колледж түлектері дипломды қағаз түрінде емес, электронды түрде алады. Барлық нормативті акті қабылданды. Енді дипломның Білім министрлігінде тіркелген-тіркелмегенін онлайн режимде тексеруге болады. Дегенмен дипломның қағаз нұсқасы сақталады, себебі шетелге баратындар сол жақта қағаз түрінде көрсетеді», - деді вице-министр Facebook желісінде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биылдан бастап ЖОО мен колледж түлектері электронды диплом алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127945/)