«Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларын сату мерзімі кейінге шегерілді. Мұндай шешім бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.
Негізі жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Самұрық-Қазынаның» 167 активі сатылымға шығарылып, басым бөлігі бәсекелес ортаға берілген. Ал «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау-Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго» мен «Қазақстан темір жолы» сияқты бірқатар стратегиялық активтерді сату мерзімі 2021-2023 жылдарға ауыстырылды.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру мерзімі шегерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127947/)