Қайғылы оқиға кеше, Ақтөбе-Астрахан тас жолында, Алға ауданының Бестамақ ауылы маңында болған. Полицейлердің айтуынша, апатқа кінәлі бұған дейін ішімдік ішкені үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған 24 жастағы жігіт. Ол Toyota маркалы көлікті тізгіндеп келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп, «Лада Ларгус» автокөлігіне соғылған. Кінәлі жүргізушінің өзі жеңіл-желпі жарақат алған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127975/)