«Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларын сату мерзімі кейінге шегерілді. Мұндай шешім бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. Негізі жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Самұрық-Қазынаның» 167 активі сатылымға шығарылып, басым бөлігі бәсекелес ортаға берілген. Ал «ҚазМұнайГаз», Air Astana, «Тау-Кен Самұрық», Qazaq Air, «Самұрық-Энерго» мен «Қазақстан темір жолы» сияқты бірқатар стратегиялық активтерді сату мерзімі 2021-2023 жылдарға ауыстырылды. Бұған халықаралық капитал нарықтарындағы тұрақсыздық, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуі мен әлемдік экономика өсу қарқынының бәсеңдеуі себеп.
Досжан МАРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Самұрық-Қазына» компанияларын сату мерзімі кейінге шегерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127980/)