Қазақстанда коронавирустан тағы 6 адам қайтыс болды. Бұл осы уақытқа дейін бір күнде тіркелген ең көп дерек. Нұр-Сұлтанда 47 мен 70 жас аралығындағы 4 ер адам мен Батыс Қазақстан облысында 79 жастағы әжей және Қарағандыда 67 жастағы ер адам аурудан айыға алмай, көз жұмды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 13558, емделіп шыққандар - 8345, қайтыс болғандар - 67. Вирус белгілері жоқ тасымалдаушылардың жалпы саны - 2529.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда COVID-19-дан тағы 6 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128009/)