Нұр-Сұлтан қаласында кинотеатрлар мен ойын -сауық орталықтары ашылмайды. Себебі короновирустың таралуы бәсеңдемей тұр. Санитарлық талаптардың сақталмауынан науқастар көбейіп жатыр. Балабақшалар да әзір қалыпты режимге көшпейді. Тек ата-анасы жұмыс істейтін балалар үшін ұйымдастырылған кезекші топтар ғана болады. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы халықты санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады.
Ақерке БЕРІКБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада кинотеатрлар мен ойын-сауық орталықтары ашылмайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128168/)