Қарағанды облысы Жәйрем кентінің әкімі Аманғазы Нәукенов карантин кезінде ұжыммен бірге би билеп, оны видеоға түсіріп, əлеуметтік желілер мен WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы таратқан.
Тұрғындар оның бұл іс-әрекеті туралы Қаражал қаласы әкімдігіне хабарлаған. Тексеру кезінде Жәйрем әкімінің Мәдениет жəне өнер қызметкерлері күні қарсаңында карантиндік шараларды бұзғаны анықталды.
Руслан Нұрланұлы