Əлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8 миллионнан асты. Қытай астанасы Бейжіңде жағдай қайта ушығып барады. Өткен тəулікте жұқпалы инфекция 27 адамнан анықталды. Бұдан бөлек 106 адам ауруханада жатыр.
Жаңа Зеландияда да бүгін 2 адамнан коронавирус анықталды. Елде 24 күннен бері инфекция жұқтыру оқиғасы тіркелмеген еді. Науқастардың екеуі де Ұлыбританиядан барған.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8 млн-нан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128220/)