Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты іс Бас прокуратураға жетті. Ауруханада эпидемиологиялық тергеу жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына сақтық шараларын сақтамау себеп болған-мыс. Бұл санитарлық ережелердің де талаптарын орындамауға әкелген көрінеді. Тергеу материалдары лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беру үшін Бас прокуратураға жіберілді. Ал Айзат Молдағасымоваға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, оның бұрынғы қызметінде заңбұзушылық анықталмаған.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлерге қатысты іс Бас прокуратураға жіберілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128243/)