Бүгін Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полициясы осы елден әкелінген көліктерді тіркеу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады. Айтуларынша, көлікті армениядан өздері алып келген азаматтар ғана тіркеуге қоя алады. Ал алып-сатарлардан немесе өзгенің қолынан армениялық көлікті сатып алғандар көлікті уақытша тіркеуге қою үшін машинаның иесін табуы керек.
Сондай-ақ әкімшілік полиция Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жексенбі де жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Айта кетерлігі рөлі оң жақта орналасқан көліктерді тіркеуге тыйым салынған. Сондай-ақ армениялық көліктер уақытша тіркеуге алынып жатқан соң, ресейлік және қырғызстандық көліктерді де тіркеуге алуды сұрағандар көбейген еді. Бүгін әкімшілік полиция оларға жауап берді.
Досжан МАРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Армениядан әкелінген 2 мыңнан астам көлік тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128246/)