![Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/6/18/1592471173828.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алдағы демалыс күндері ел астанасында қоғамдық көлік қатынасы тоқтайды.
Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (20-21 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қызметі қалыптасқан режимге сай 22 маусым, дүйсенбі күні қайта жанданатын болады», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128327/)