Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар жалған шот-фактура жасап қолма –қол ақшаға айналдырып отырған. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел алдын алу шарасы кезінде қылмыскерлерді 9 миллион теңгеден астам қаржымен қолға түсірді. Сондай ақ, тінту барысында қылмыстық топ бақылауындағы кәсіпорындарға тиесілі мөрлер, цифрлық қолтаңбасы бар флеш-карталар, бухгалтерлік құжаттар, банк карталары және 12 миллион теңге ақша табылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/128420/)